Қоғам

«Мәңгілік алауда» тауық қақтап жеген вандал 5 тәулікке қамалды

Echo

Фото авторы: Halyqstan




Риддер қаласындағы «Мәңгілік алауға» ет қуырып, мемориал маңында қоқыс қалдырып кеткен 31 жастағы жергілікті тұрғын ұсталды.

Оның кім екенін анықтау үшін полиция қызметкерлері жақын маңдағы аумақтарды аралап, бейнебақылау камераларының жазбаларын қарап, куәгерлерден түсініктеме алған.

«Жедел жүргізілген іс-шаралардың нәтижесінде 31 жастағы жергілікті тұрғын анықталып, ұсталды. Сот шешімімен ол бес тәулікке әкімшілік қамаққа алынды», – деп хабарлады полиция.

Тәртіп бұзушыға «Ғимараттарға, басқа да құрылыстарға, тұрғын және қоғамдық орындардағы мүлікке құрметсіздік көрсету» бабы бойынша әкімшілік шара қолданылды.

Пікір

    Пікір жоқ

Пікір қалдыру