Фото авторы: желі
Астана әкімі Жеңіс Қасымбек LRT алдағы бірнеше апта ішінде іске қосылуы мүмкін екенін айтты, - деп хабарлайды Newmedia.kz
Жеңіс Қасымбек ресми ашылуы өтетін күн әлі белгіленбегенін нақтылады. Оның алдында шағын пресс-тур өткізу жоспарланып отыр.
"2-3 аптадан кейін іске қосамыз деп үміттенеміз", - деді әкім.
Елорда әкімінің айтуынша, LRT-ға жасалған барлық сынақ сәтті өткен.
"Бүгінде барлық 18 пойыз жұмыс істеп тұр. Қозғалыс аралығы - 3,5 минут. Жылдамдығы жоғары, кез келген басқа көлік түріне қарағанда 2 есе жылдам", - деді ол.
Сондай-ақ, әкім негізгі бекеттер дайын екенін де айтты. Олардың қатарында "Абу-Даби Плаза", "Ботаникалық бақ", "Астана Арена", Mega, "Әуежай" және жаңа вокзал бар. Ал LRT бекеттеріне іргелес аумақты абаттандыру жұмысы жалғасып жатыр.
Пікір жоқ