Қоғам

Лас көлік нөмірі үшін қанша айыппұл салынады?

Echo

Фото авторы: top-news.kz




Қазақстанда мемлекеттік тіркеу нөмірі лас, оқылмайтын немесе талапқа сай орнатылмаған автокөлік жүргізушілеріне айыппұл салынады. Бұл туралы «ҚазАвтоЖол» ұлттық компаниясы хабарлап отыр, - деп мәлімдеді Newmedia.kz 

Республикалық маңызы бар автожолдарда жүргізілген жедел-профилактикалық іс-шаралар барысында көлік құралдарын жалған, жасырылған, оқылмайтын немесе талапқа сай емес орнатылған мемлекеттік тіркеу нөмір белгілерімен пайдаланудың 900-ге жуық фактісі тіркелді. Мемлекеттік нөмір белгісі – көлік құралының негізгі сәйкестендіру дерегі. Ол ұлттық стандарт талаптарына сай орнатылып, тәуліктің кез келген уақытында анық көрініп, еркін оқылуы тиіс.

Егер нөмір ластанып, көрінбей қалса, жүргізуші оны тазалауға міндетті. Ал нөмірсіз жүру, оны әдейі жасыру, бұрмалау немесе жалған нөмір пайдалану – заң талаптарын өрескел бұзу, — делінген хабарламада. 2026 жылғы 1 қаңтардан бастап 1 АЕК мөлшері — 4 325 теңге. Осыған сәйкес, ӘҚБтК-нің 590-бабына сай мынадай жаза қолданылады:

- оқылмайтын немесе дұрыс орнатылмаған нөмір үшін – 21 625 теңге айыппұл;

- нөмірсіз көлік жүргізу – 43 250 теңге; бір жыл ішінде қайталанса – 86 500 теңге немесе бір жылға көлік жүргізу құқығынан айыру;

- жалған нөмір орнату – 64 875 теңге айыппұл; жалған немесе жасыратын құрылғылары бар нөмірмен жүру – бес тәулікке дейін қамау және бір жылға жүргізу құқығынан айыру.

Мамандар жүргізушілерді жолға шығар алдында нөмірдің таза, мықтап бекітілген және анық көрінетін болуын міндетті түрде тексеруге шақырады. мынаны да 

Пікір

    Пікір жоқ

Пікір қалдыру