Қоғам

Күдікті - күйеуі: Атырауда мұғалім қаза тапты

Echo

Фото авторы: Ақ Жайық




Атырауда 58 жастағы әйел қаза тапты, - деп хабарлайды Newmedia.kz

Өңірдің Полиция департаменті мәліметінше, 16 наурызда сағат 03:30 шамасында тұрмыстық жанжал салдарынан 58 жастағы әйел адам қаза тапқаны туралы хабарлама түскен.

"Бұл дерекке қатысты "Адам өлтіру" бабы бойынша қылмыстық іс тіркеліп, соталды тергеп-тексеру басталды. 62 жастағы күдікті ұсталып, полиция бөліміне жеткізілді. Оқиғаның барлық мән-жайы анықталып жатыр", - деп жазылған редакцияға берілген жауапта.

"Ақ Жайық" басылымының мәліметінше, марқұм - №16 мектептің мұғалімі.

Пікір

    Пікір жоқ

Пікір қалдыру