Әлем

Израиль Иранның әлемдегі ең ірі газ кен орнына соққы жасады

Echo

Фото авторы: Associated Press




АҚШ-пен бірге Иранға қарсы әскери әрекеттерге қатысып жатқан Израиль Парсы шығанағы жағалауындағы Иранның газ өнеркәсібіне соққы жасады, - деп хабарлайды Newmedia.kz DW басылымына сілтеме жасап хабарлады.

Иранның Tasnim және Mehr ақпарат агенттіктерінің мәліметінше, 18 наурыз, сәрсенбі күні өнеркәсіптік Асалуйе қаласы маңындағы мұнай-химия кәсіпорындары шабуылға ұшыраған.

Axios порталы үкіметтегі дереккөздерге сүйене отырып, аталған соққылар АҚШ-пен келісілген түрде жүзеге асқанын мәлімдеді.

Tasnim агенттігінің хабарлауынша, Бушер провинциясы вице-губернаторы бірнеше газ өндіру нысандарының зақымданғанын растаған. Сонымен қатар, билік тұрғындарға шабуыл жасалған аймақтарға жақындамау туралы ескерту жасаған.

Иран мемлекеттік телеарнасының дерегіне сәйкес, әуе соққылары салдарынан Парсы шығанағындағы ірі газ кен орнындағы өндірістік қондырғы зақымданып, өрт шыққан. Қазіргі уақытта өртті сөндіру жұмыстары жүргізіліп жатыр.

Әлемдегі ең ірі газ кен орны

Асалуйе қаласының маңында орналасқан Оңтүстік Парс газ кен орны — әлемдегі ең ірі газ кен орындарының бірі. Бұл кен орнын Иран Катармен бірлесіп пайдаланады.

Аталған аймақ Иран энергетикасы үшін стратегиялық маңызға ие. Елдегі табиғи газдың шамамен 70%-ы осы кен орнынан өндіріледі және негізінен ішкі тұтынуға бағытталады.

Мұнай бағасының өсуі

Ирандағы газ өнеркәсібіне жасалған соққылардан кейін әлемдік мұнай нарығында баға күрт өсті. Сәрсенбі күні түстен кейін Brent маркалы мұнай бағасы барреліне 110 долларға дейін көтерілді. Ал АҚШ-тың WTI мұнайының бағасы барреліне 98 долларға жетті.

Айта кетейік, мұнай бағасының өсуі кейбір оң жаңалықтарға қарамастан орын алып отыр. Мәселен, Сауд Арабиясы 13 наурызда Рас-Танурадағы елдегі ең ірі мұнай өңдеу зауытының жұмысын қайта бастағанын растаған еді.

Пікір

    Пікір жоқ

Пікір қалдыру