Әлем

Иран өзімен көршілес елдерге АҚШ-тың әскери базаларына соққы беретінін айтып, ескерту жасады

Echo

Фото авторы: Reuters.com




Иран билігі өзімен шекаралас мемлекеттерге АҚШ-тың әскери базаларына ықтимал соққы жасалуы мүмкін екені жөнінде ресми ескерту жолдады, - деп хабарлады Newmedia.kz    Reuters басылымына сілтеме жасап хабарлады.

Reuters мәліметінше, Иран тарапы аумағында америкалық әскери нысандар орналасқан көршілес елдерге арнайы ескерту жасаған. Егер АҚШ Ирандағы ішкі жағдайға, оның ішінде наразылықтарға араласатын болса, Тегеран америкалық әскери базаларға соққы жасауға дайын екенін жеткізген.

Ескерту аймақта АҚШ әскерилерін қабылдап отырған мемлекеттерге жолданған.

Осы жағдайға байланысты Таяу Шығыстағы АҚШ-тың ең ірі әскери нысандарының бірі саналатын «Әл-Удейд» әуе базасындағы әскерилердің бір бөлігіне қауіпсіздік мақсатында базадан уақытша кету ұсынылған. Reuters дерегінше, бұл шешім сәрсенбі кешіне дейін қабылданған.

Айта кетейік, «Әл-Удейд» әуе базасы Қатар аумағында орналасқан және ол аймақтағы АҚШ-тың ең ірі әскери нысаны болып саналады. Базада шамамен 10 мыңға жуық америкалық әскери қызметкер бар.

Пікір

    Пікір жоқ

Пікір қалдыру