Фото авторы: inp.polri.go.id
Атырау облысы Жангелдин ауылында жоғалғалған отбасыға қатысты жаңа дерек шығып жатыр, - деп хабарлайды Newmedia.kz
Индонезия полициясы күдікті қалай ұсталғанын жариялады. Мәліметке сүйенсек, Индонезияның Солтүстік Ломбок аймақтық полициясы Интерполдың қызыл хабарламасы бойынша халықаралық іздеуде жүрген 29 жастағы Қазақстан азаматын ұстаған.
"Ол Сенару ауылындағы қонақүйлердің бірінде қолға түсті. Тінту кезінде күдіктілерден төлқұжаттар, ұялы телефондар және халықаралық банк карталары тәркіленді. Ол әзірге Солтүстік Ломбок полиция бөлімінде қамауда отыр", - деп жазылған мәліметте.
Пікір жоқ