Фото авторы: Іле ауданы әкімдігінің баспасөз қызметі
Алматы облысы Іле ауданының бұрынғы әкімі Бағдат Қарасаев 3 жыл 3 айға бас бостандығынан айырылды.
Сот Қарасаевтың қызметтік өкілетін өз мүддесіне пайдаланып, жеке шаруашылық серіктестігіне жер телімін заңсыз түрде беру фактісін, тұрмыстық қатты қалдықтар полигонын басқару барысында осы компанияға жеңілдіктер жасағанын, сондай-ақ рұқсатсыз кәсіпкерлікпен айналысқанын анықтады.
Үкім әлі заңды күшіне енген жоқ.
Айта кетсек, Бағдат Қарасаев Іле ауданының әкімі қызметін 2018 жылдың қыркүйегінен бері атқарып келген. Антикор өкілдері оны 2024 жылдың қыркүйегінде сыбайлас жемқорлыққа қатысты күдік бойынша ұстаған.
Пікір жоқ