Қоғам

Іле Алатауында адасқан екі қыз табылды

Echo

Фото авторы: ТЖМ




Іле Алатауында адасқан екі қыз табылды, - деп хабарлайды Newmedia.kz

ТЖМ мәліметінше, Букреев шыңына шығу кезінде 2009 жылы туған екі қыз адасып кеткен. Олар жеті адамнан тұратын топ құрамында тауға шыққан, алайда "Пионер" тау кешеніне қарай түскен кезде қалғандарынан қалып қойып, арада байланыс үзілген.

"Түнде қолайсыз ауа райында іздеу жұмыстары жүргізілді. Тауда жаңбыр жауып, қозғалысты едәуір қиындатты. Адасқан қыздар қатты тоңған, шаршаған күйде табылды. Құтқарушылар оларға көмектесіп, қыздарды қауіпсіз жерге эвакуациялады", - деп жазылған хабарламада.

Оларға медициналық көмек қажет болмаған. Қыздар таудан аман-есен түсіріліп, туыстарына тапсырылған.

Пікір

    Пікір жоқ

Пікір қалдыру