Қоғам

Яна Легкодимованың жантүршігерлік өлімі: сотталғандар “Қара бүркітке“ жіберілді

Echo

Фото авторы: желі




Яна Легкодимованы өлтіргені үшін кінәлі деп танылып, өмір бойына бас бостандығынан айырылған Алтынбек Қатимов пен Ризуан Қайыржанов жазасын өтеу орнына жіберілді, - деп хабарлайды Newmedia.kz

Қылмыстық-атқару жүйесі комитеті мәліметінше, сотталғандар 19 сәуірде арнайы вагонмен жеткізілген.

Айта кетейік, бұған дейін сотталғандар жазасын Қостанай облысындағы №39 төтенше қауіпсіздік мекемесінде өтейтіні белгілі болды. Бұл жер - "Қара бүркіт" деген атаумен танымал, еліміздегі ең жабық әрі қатаң күзетілетін түзеу мекемесі.

Жуырда марқұмның анасы Галина Легкодимова Қылмыстық-атқару жүйесі комитетіне ресми сауал жолдап, сотталғандар колонияға қашан жіберілетінін сұраған болатын. Кейін сотталғандарды колонияға жеткізу үшін арнайы қараулы сұралды.

Еске салайық, 23 жастағы Яна Легкодимова 2024 жылы 19 қазанға қараған түні өлтірілген. Қыздың сүйегі сегіз ай өткен соң Жайық өзені жағасынан табылды.

Пікір

    Пікір жоқ

Пікір қалдыру