Қоғам

Яна Легкодаимованы өлтіргендерге сот үкімі шықты

Echo

Фото авторы: ғаламтордан




Сот Ризуан Хайржанов пен Алтынбек Катимовты өмір бойына бас бостандығынан айыру туралы үкім шығарды.

Қанды оқиға 2024 жылдың қазанында Яна Легкодимованың жоғалуынан кейін қозғалған. 18 қазанда ол Ризуан Хайржановпен кездесуге барғаннан кейін хабар-ошарсыз кеткен. Тергеу материалдарына сәйкес, екеуі Алтынбек Катимовпен бірге қызды жанжал кезінде өлтіріп, денесін Талдыкөлге тастаған.

Янаны іздеу жұмыстары ұзаққа созылып, оның денесі арада сегіз ай өткен соң - 2025 жылдың маусымында Атырау маңынан табылды.

Айыпталушыларға алдын ала сөз байласып адам өлтіру, қылмыс ізін жасыру және мүлікті ұрлау баптары бойынша айып тағылып, сот ең жоғары жаза тағайындады.

Пікір

    Пікір жоқ

Пікір қалдыру