Әлем

Гонконгтағы тұрғын үй өртінен қаза тапқандар саны 94 адамға жетті

Echo

Фото авторы: Getty Images




Гонконгтың Таи По ауданындағы Wang Fuk Court тұрғын үй кешенінде шыққан өрттен қаза тапқандар саны 94 адамға жетті, бұл соңғы 70 жылдағы ең ірі тұрғын үй өрті деп бағаланып отыр, деп хабарлайды Newmedia.kz.

Өрттің нәтижесінде шамамен 155 адам жарақат алды, олардың 11-і – өрт сөндіру қызметінің өкілдері. Зардап шеккендердің он бесінің халі өте ауыр екені хабарланды.

Құтқарушылардың мәліметінше, қаза болғандардың басым бөлігі жалын ең қатты тараған жеті ғимараттың екеуінен анықталған.

Алдын ала деректерге сай, өрттің жылдам жайылуына нысанның сыртында орналасқан бамбуктан жасалған баспалдақтар мен торлар, сондай-ақ тез тұтанатын материалдар себеп болған.

Қазіргі уақытта тергеу жүргізіліп жатыр, күдіктілер мен жауапты адамдар анықталып жатыр.

Пікір

    Пікір жоқ

Пікір қалдыру