Фото авторы: eurasia.amnesty
Мәліметке сәйкес, Қызыл Кресттің халықаралық комитеті арқылы Израильден 15 палестиндік тұтқынның мәйіті жеткізілген. Сонымен қатар мәйіттерді сәйкестендіру жұмыстары жүргізіліп жатыр.
Қазіргі уақытқа дейін Израиль тарапынан барлығы 330 палестиндік тұтқынның мәйіті қайтарылған, олардың 97-сі анықталып, туыстарына тапсырылған.
Газа билігінің хабарлауынша, 10 қазанда күшіне енген атысты тоқтату және тұтқындармен алмасу келісімі аясында берілген мәйіттерде азаптау белгілері анықталған.
Пікір жоқ