Спорт

Футзалдан Қазақстан құрамасына жаңа бас бапкер тағайындалды

Echo

Фото авторы: ҚФФ




Футзалдан Қазақстан құрамасына жаңа бас бапкер тағайындалды,- деп хабарлайды Newmedia.kz 


Рикардо Камара Собрал, яғни футзал әлеміне Какау есімімен танымал маман, Қазақстан ұлттық құрамасының бас бапкері қызметіне тағайындалды. Бұл туралы Malim.kz хабарлады.

54 жастағы бразилиялық бапкер қазақстандық футзал жанкүйерлеріне жақсы таныс. Ол 2013–2018 жылдар аралығында ұлттық құраманы басқарған. Какаудың жетекшілігімен Қазақстан құрамасы 2016 жылғы Еуропа чемпионатында қола жүлдеге қол жеткізіп, тарихи нәтиже көрсетті.

Какау клубтық деңгейде де табысты еңбек етті. Ол алматылық «Қайрат» футзал клубымен бірге 2013 және 2015 жылдары УЕФА Кубогын жеңіп алды. Сонымен қатар, Қазақстан чемпионаты мен ел Кубогын бірнеше мәрте ұтып, отандық футзалдың дамуына елеулі үлес қосты.

Кейінгі жылдары тәжірибелі маман Италияның «Наполи» клубын, Румынияның «Юнайтед Галати» командасын, сондай-ақ Кувейт, Ирак және Біріккен Араб Әмірліктерінің ұлттық құрамаларын жаттықтырды.

Қазақстан футбол федерациясы Какауға ұлттық құрама тізгініндегі жаңа қызметінде сәттілік тілеп, үлкен үміт артатынын мәлімдеді.


Пікір

    Пікір жоқ

Пікір қалдыру