Әлем

Елордада өткен «Silk Way Star» вокалдық мега-жобасы қорытындыланды

Echo

Фото авторы: ғаламтордан




Кештің арнайы қонағы болған қазақстандық әнші Димаш Құдайберген шыққан сәтте көрермен ерекше қошеметін білдіріп, қарсы алды.

Ресми бөлім Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың құттықтауымен ашылды. Оны Қазақстан Республикасының Мемлекеттік кеңесшісі Ерлан Қарин оқыды.

Мемлекет басшысы құттықтау сөзінде Silk Way Star — Азия елдері арасындағы рухани өзара іс-қимылды дамытуға және халықтар арасындағы достықты нығайтуға бағытталған бірегей бастама екені баса айтылды.

Бұл сөздер біртұтас, мәдениетаралық және шығармашылық кештің реңін келтірді. Оларды залдағы қонақтар ғана емес, сахнаға шығуға дайындалып жатқан сахна сыртындағы қатысушылар да зор ықыласпен қабылдады.

Финалда Малайзия, Грузия, Қытай, Армения, Моңғолия, Өзбекстан және Қазақстан өкілдері өнер көрсетті.

Олардың әрқайсысы шығарманы ана тілінде орындап, өз халқының салт-дәстүрі, әртүрлі стилі, мәдени кодтары арқылы сахнаны саяхат алаңына айналдырды.

Қойылымдар сахнада өте әсерлі көрінді: жарықтар дәл қойылған, көріністер мен бейнелер айқын көрінді, ал әрбір нөмерге Қазақстанның стилистері арнайы дайындаған образдары қолданылды.

Қазақстанның халық әртісі Димаш Құдайберген жеңімпаздың есімін жариялағанда көрерменнің ерекше қошеметіне бөленді. 

Жеңімпаздар 50% қазылар алқасының, 50% көрерменнің онлайн дауыс беруі арқылы анықталды.

Қорытынды нәтижесінде моңғол әншісі Мишель Джозеф жобаның жеңімпазы атанды. 

Пікір

    Пікір жоқ

Пікір қалдыру