Қоғам

Дінмұхамед Қонаевтың қарындасы Рауза Қонаева өмірден өтті

Echo

Фото авторы: imbb.org.kz Толық нұсқасына гиперсілтеме беруді ұмытпаңыз: https://turkystan.kz/article/274633-dinmuxammed-qonaevtyn-qaryndasy-dunieden-ozdy




Қазақ КСР Компартиясы Орталық Комитетінің бірінші хатшысы болған Дінмұхамед Қонаевтың қарындасы, белгілі ғалым-биолог Рауза Меңліахмедқызы Қонаева 92 жасында дүниеден өтті. Қаралы хабарды Д.А. Қонаев атындағы Халықаралық қор таратты, - деп хабарлайды Newmedia.kz

Рауза Қонаева 1934 жылғы 10 сәуірде Алматы облысы Шілік ауылында дүниеге келген. Ол Меңліахмед пен Зәуре Қонаевтар әулетіндегі он бірінші, яғни кенже перзент еді. Үлкен әпкесі Әминамен арадағы жас айырмашылығы – 27 жыл болса, өзінен бұрын туған ағасы Асқар Меңліахмедұлымен арасы – 5 жыл.

Болашақ ғалым Алматы қаласындағы №28, №10 және №36 мектептерде білім алды.
1952 жылы М.В. Ломоносов атындағы Мәскеу мемлекеттік университетінің биология-топырақтану факультетіне оқуға түсіп, 1956 жылы жоғары білімді маман атанды.

Еңбек жолын 1957 жылы Қазақстан Ғылым академиясы жүйесінде бастаған Рауза Меңліахмедқызы 2016 жылға дейін ғылыми салада үздіксіз қызмет етті. Ол Биохимия институтында (1957–1983 жж.) және Молекулалық биология және биохимия институтында (1983–2016 жж.) еңбек етіп, отандық ғылымның дамуына сүбелі үлес қосты.

Рауза Қонаева – еңбектері Қазақстаннан тыс елдерге де танылған көрнекті биолог-ғалым. Әріптестері мен замандастары оны жоғары мәдениетімен, қарапайымдылығымен, адамгершілігімен және терең парасатымен құрметтеген.

Ол елімізге белгілі заңгер, көрнекті қоғам қайраткері Мұрат Тәжі-Мұратұлы Баймахановтың жары болған. Олардың қызы Дина Мұратқызы Баймаханова әке жолын жалғап, заң ғылымдарының докторы, әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің профессоры атанды.

Пікір

    Пікір жоқ

Пікір қалдыру