Фото авторы: Dimashnews.com
Қазақстандық әнші Димаш Құдайберген Біріккен Ұлттар Ұйымының Халықаралық көші-қон ұйымының (IOM) жаһандық ізгі ниет елшісі болып тағайындалды. Бұл шешім Женевада өткен ұйым кеңесінің сессиясында жарияланды.
Ұйым өкілдерінің айтуынша, Димаштың шығармашылығы — адамзаттың рухани байлықтарын насихаттап, әлем тыңдармандарына гуманизм, ізгілік пен түрлі мәдениеттерді жалғайтын көпір ретіндегі идеяларды жеткізіп жүр.
IOM деректеріне сәйкес, Димаштың «Stranger» атты концерттері Нью-Йорк, Мехико, Берлин секілді ірі мегаполистерде өтіп, жалпы саны 100 мыңнан астам көрермен жинаған. Көпшілік оның өнерін «жүрекке шипа, жанға тыныштық» деп сипаттайды.
Еске сала кетейік, 2024 жылы Димаш осы ұйымның аймақтық ізгі ниет елшісі болып тағайындалған болатын. Енді ол халықаралық деңгейде мигранттардың құқықтарын қорғау және қауіпсіз, реттелген көші-қонды ілгерілетуге бағытталған жаһандық бастамаларды қолдайтын болады.
Пікір жоқ