Қоғам

Денесі жабайы аңға жем болған: Сотта Яна Легкодимованың қаңқасы бар видео көрсетілді

Echo

Фото авторы: ғаламтордан




Сот залында судья марқұмның сегіз ай өткен соң табылған сүйектерінің фотосын көрсетті.

«Міне, Янадан қалғаны осы. Төменгі жақ сүйегі, қолдары, аяқтары және жамбас бөлігі жоқ. Оның денесін аңдар талап кеткен. Ал қалған бөлігі қайда? Сол себепті сот сіздерге Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексінде көзделген ең ауыр жазаны тағайындады», – деді Хамидуллина.

Судьяның айтуынша, іс материалдары мен жүргізілген сараптамалар қылмыстың алдын ала ойластырылып, айрықша қатыгездікпен жасалғанын, сондай-ақ айыпталушылардың қылмыстың іздерін жасыру әрекеттерін анық көрсеткен. Осы жайттар сотқа жазаны жеңілдетуге мүмкіндік беретін ешбір негіз қалдырмаған.

«Бұл жай ғана кісі өлтіру емес, адам денесіне жасалған қорлық. Мұндай қылмыстар әділдіктің ең жоғарғы шарасын талап етеді. Үкім барлық дәлелдер мен іс жағдайлары толық ескеріліп шығарылды», – деді судья.

Хамидуллина сотта сараптама қорытындылары, айыпталушылардың бір-біріне жазған хабарламалары және куәлардың айғақтары сияқты барлық дәлелдер мұқият зерттелгенін айтты. 

Яна Легкодимованың өлімі бойынша шығарылған сот үкімі заңды күшіне енді.

Пікір

    Пікір жоқ

Пікір қалдыру