Қоғам

“Дәретхананы, ұлдардың бөлмесін тазалатады“. Түркістандағы колледж студенттері жатақханаға шағымданды

Echo

Фото авторы: видеодан скриншот




Түркістандағы колледждердің бірінің студенттері оқу орнының жатақханасына шағымданды. Әлеуметтік желіде дау туғызған видео тарады, - деп хабарлайды Newmedia.kz

Мән-жайы

Желіде тараған кадрда жатақхана қызметкерлері мен студент қыздар дауласып жатқаны естіледі.

"Күнде "тазала" деп мәжбүрлеп жатқан жоқ қой. Ертең СЭС-тен (Санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаменті - еск.) комиссия келе жатыр. "Осы жатақхананың ашылуына рұқсат, балалар жатуға рұқсат" деген комиссия келе жатыр. Сол үшін істейміз деп жатырмыз", - дейді видеода әйел адам.

"Өзім жатқан жерді тазалаймын, не үшін балалардікін жинап беруіміз керек?!" - дейді қыз бала. 

Кейінірек жатақхана қызметкерлерінің бірі қыздарға "жатақхананың талабына бағынбасаңдар, босатып бере қойыңдар" деп жатқаны естіледі. 

Желі қолданушылары бұл жағдайға наразылық білдіріп, ғимараттың ішкі жай-күйін де сынға алған: "Ұлдарға жатақхананы босатсын деп неге айтпайды?", "Ұлдардың жинағаны ұнамай ма? Өздеріңіз жинаңыздар, апайлар", "Әскери госпиталь ма десем, жатақхана екен ғой. Мұндай кереуеттер бар ма өзі?"

Пікір

    Пікір жоқ

Пікір қалдыру