Қоғам

Бухгалтердің құмар ойынға тәуелділігі: 100 млн теңгеден астам қаржы бәске тігілген

Echo

Фото авторы: istockphoto.com




Батыс Қазақстан облысының прокуратурасы мемлекеттік кәсіпорындардың бірінде аса ірі мөлшерде бюджет қаражатын жымқыру дерегін анықтады, - деп хабарлайды Newmedia.kz

Мән-жайы

Алдын ала мәліметке сәйкес кәсіпорынның лудоманияға шалдыққан бухгалтері компания қаражатын заңсыз пайдаланып, 1XBet букмекерлік кеңсесінде бәс тіккен. Сондай-ақ, ұрланған ақшаға жаңа көлік сатып алған. Мемлекетке келтірілген жалпы залал - 118 миллион теңге.

Сот санкциясы

Бөтен мүлікті аса ірі мөлшерде заңсыз иемдену дерегі бойынша Қылмыстық кодекстің 189-бабы 4-бөлігі 2-тармағына сәйкес соталды тергеп-тексеру басталды. Арнайы прокурорлар тергеу жүргізіп жатыр.

Сот санкциясымен күдікті тергеу изоляторында қамауда отыр, көлікке тыйым салынды.

Айта кетейік, 2025 жылы Батыс Қазақстан облысында букмекерлік кеңселерде бәс тіккені үшін түрлі мемлекеттік органдардың 16 қызметкері жұмыстан босатылған.

Пікір

    Пікір жоқ

Пікір қалдыру