Фото авторы: samruk-energy.kz
Агенттік ақпаратынша, бірнеше коммерциялық компаниялардың жетекшілерінен құралған топ бұрын қолданылған қосалқы бөлшектерді жаңа зауыттық өнімдер ретінде көрсетіп, кәсіпорынға жеткізу схемасын ұйымдастырған.
Схеманы жүзеге асыру үшін «Богатырь Көмір» ЖШС-ның тауарлық-материалдық құндылықтарды қабылдауға жауапты қызметкері тартылды. Ол ауыстырылған бөлшектерді кедергісіз қабылдануын қамтамасыз етіп, формалды түрде олардың талаптарға сәйкес екенін растап отырды, – делінген хабарламада.
Сонымен қатар, екі жыл бойы жалған сәйкестік сертификаттары бойынша реакторлар, цилиндр блоктары, автожабдықтар және тежегіш жүйелердің элементтері жаңадан берілгендей етіп жеткізілгені айтылады.
Нәтижесінде «Богатырь Көмір» ЖШС-на 123 млн теңге зиян келген.
Кейін алынған қаражат жалған келісімшарттар арқылы байланысы бар ЖШС және жеке кәсіпкерлер арқылы шығарылып, қолма-қол ақшаға айналдырылған, – делінген хабарламада.
Тексеру барысында күдіктілерден 27 млн теңге қолма-қол ақша тәркіленген. Сот санкциясымен күдіктілерге тиесілі 6 автокөлік, соның ішінде «Cadillac Escalade», «Range Rover», «Toyota Land Cruiser 250» көліктеріне қамау қойылған.
Үш күдікті қамауға алынған. Тергеу жұмыстары жалғасуда.
Пікір жоқ