Қоғам

Биыл кімдердің жалақысы өседі?

Echo

Фото авторы: depositphotos.com




2026 жылы Қазақстанда медицина қызметкерлерінің жалақысы көтеріледі. Бұл туралы денсаулық сақтау бірінші вице-министрі Тимур Сұлтанғазиев мәлімдеді, - деп хабарлайды Newmedia.kz

Елде әлеуметтік қолдау шараларының арқасында дәрігер тапшылығы 19%-ға төмендеген.

"2026 жылдан бастап инфекциялық қызметтер мен жедел жәрдем қызметкерлерінің жалақысын арттыру қарастырылған. Сондай-ақ, дәрігерлерге жасалған зорлық-зомбылық үшін жауапкершілік күшейтіледі", - деді Тимур Сұлтанғазиев.

Еске салайық, бұған дейін Мәжіліс депутаты Асхат Аймағамбетов кейінгі жылдары медицина қызметкерлеріне шабуыл жасау бойынша 280 дерек тіркелгенін мәлімдеді.

Пікір

    Пікір жоқ

Пікір қалдыру