Фото авторы: Tengrinews
Атырауда төрт адамның өліміне қатысты сот талқылауы жалғасып жатыр. 29 мамырда өткен сотта айыпталушы Сұлтан Сәрсемәлиевтің ата-анасы жауап берді, - деп хабарлайды Newmedia.kz тілшісі.
"Ақ Жайық" басылымының мәліметінше, айыпталушының анасы сұрақтарға жауап беруден бас тартқан. Осыған байланысты судья тергеу барысында алынған жауаптарды жария еткен.
Залдан шығар алдында әйел ұлына сөз арнауға рұқсат сұраған. Ол Сұлтанға бес баласы бар екенін еске салып, қандай жағдай болса да олардың әкесі болып қала беретінін айтқан.
"Тағдыр ғой. Не істейсің?! Көнесің, төзесің. Сол үшін күресесің. Өзіңе бекем бол. Ешқандай қызық көрген жоқсың. Бүкіл өмірің арпалыспен өтті", - деді ол.
Пікір жоқ