Фото авторы: instagram.com/erbayan2024
Бас прокуратура әскерде жарақат алған Ербаян Мұхтардың ісін толық өз қадағалауына алып, барлық материалдарды терең әрі жан-жақты қайта қарастыратынын хабарлады. Бұл туралы оның қорғаушысы Инга Иманбай әлеуметтік желідегі жазбасында мәлімдеді, деп жазады Newmedia.kz.
«Президенттің тікелей тапсырмасынан кейін бұл іске жаңа серпін беріліп отыр. Енді біз Ербаян Мұхтардың ісінде әділдік орнайтынына, ал Ербаянды осы күнге жеткізген кінәлі адамдардың жауапқа тартылатынына сенеміз», – деді адвокат.
Естеріңізге сала кетейік, әскери қызмет барысында бас-ми жарақатын алған Ербаян Мұхтар комаға түскен еді. Министрлік оның азаматтық емханада емделуіне рұқсат бергенімен, біраз уақыт өткен соң клиника сарбазды үйіне қайтарып жіберген. Осыдан кейін оның жақындары жұрттан көмек сұрап, Ербаянның ем-домына қаражат жинау үшін арнайы шот ашқан. Халық 140 млн теңге жинағаннан кейін оған Ыстанбұлда ота жасалды. Түркияда ем қабылдаған Ербаян жақында ғана Қазақстанға қайта оралған болатын.
Пікір жоқ