Әлем

Әзірбайжан Ираннан өз елшілігін эвакуациялап жатыр

Echo

Фото авторы: видеодан скриншот




Әзірбайжан президенті Ильхам Әлиев Тегерандағы елшілікті және Тебриз қаласындағы бас консулдықты эвакуациялау туралы тапсырма берді, - деп хабарлайды Newmedia.kz

Мәліметке сәйкес, бұған дейін Әзірбайжан Қауіпсіздік кеңесінің шұғыл отырысы өткен. Жиын барысында Ильхам Әлиев Нахчыван әуежайы маңына дрондардың құлауын теракт ретінде бағалап, елдің күштік құрылымдарын жоғары дайындық режиміне көшіруді тапсырған.

Өз кезегінде Иран тарапы Нахчыван аумағындағы ұшқышсыз аппараттар шабуылы Израиль тарапынан жасалған арандату болуы мүмкін екенін мәлімдеді.

Еске салайық, бұған дейін Ираннан ұшқан екі дрон Әзірбайжан аумағына құлағаны хабарланған еді. Оқиға салдарынан төрт адам зардап шеккен.

Әзірбайжан президенті Ильхам Әлиев Нахчывандағы дрон соққысын теракт деп бағалайтынын айтты.

Сонымен қатар, Қазақстан президенті бауырлас әрі одақтас Әзірбайжан еліне қарсы жасалған бұл әрекетті қатаң айыптады.

Пікір

    Пікір жоқ

Пікір қалдыру