Қоғам

Атырауда трансгендерлер қасақана АИТВ жұқтырды деген күдікке ілінді

Echo

Фото авторы: видеодан скриншот




Атырауда қасақана АИТВ жұқтырды деген күдікпен екі адамның заңсыз қызметі тоқтатылды, - деп хабарлайды Newmedia.kz

Атырау облысы Полиция департаменті мәліметінше, 23 және 28 жастағы екі адам ұсталған.

"Олар 2025 жылы желтоқсаннан бастап өздерінде АИТВ инфекциясы бар екенін біле тұра, арнайы медициналық есепте тұрғанына қарамастан, транс тұлғалар ретінде ақылы интим қызмет көрсетуін жалғастырған", - деп жазылған хабарламада.

Атырау облысы Полиция департаментінің Ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес басқармасының қызметкерлері жедел іс-шаралар жүргізген.

"Күдіктілер ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалды. Бұл жайтқа қатысты өзінде ауру бар екенін біле тұра, басқа адамға АИТВ инфекциясын жұқтыру дерегі бойынша қылмыстық іс қозғалды. Азаматтардың өмірі мен денсаулығына қасақана қауіп төндіру - ауыр қылмыс", - деді полиция.

Қазақстанның заңнамасына сәйкес мұндай әрекеттер үшін 5 жылдан 10 жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасы қарастырылған. Қазір тергеу жүргізіліп, жәбірленушілер анықталып жатыр.

Пікір

    Пікір жоқ

Пікір қалдыру