Қоғам

Атырауда полиция Янаның өліміне қатысты қылмысты қалай ашқанын айтты

Echo

Фото авторы: ғаламтордан




Қыздың қаза болғаны туралы оның анасы 2024 жылдың 20 қазанында хабарлаған. Бастапқыда іс «адамның жоғалуы» ретінде тіркелген. Бірақ жиналған мәліметтер адамның ұрланғанын дәлелдегеннен кейін, іс қылмыстық құрам бойынша қарала бастады.

Атырау облыстық криминалдық полиция басқармасы бөлімінің бастығы Ерлан Құсайыновтың айтуынша, қыздың жүріп өткен бағыты бейнебақылау камераларының жазбалары арқылы қайта қалпына келтірілген.

«Камералар қыздың ақ түсті көлікке мінгенін көрсетті. Көлікте екі ер адам болған. Кейін олардың Талдыкөл бағытына кеткені анықталды», – деді ол.

Жедел уәкілдер қаладағы бейнебақылау жүйелерін түгел қарап, күдікті көлікті және екі азаматты анықтады. Тергеу барысында олардың бірі қылмысты жасаған, екіншісі оған көмектескені белгілі болды.

«Күдіктілер екі күннен кейін ұсталды. Бірі Құрманғазы ауданына кетіп үлгерген, екіншісі көлікті жуып, марқұмның телефоны мен іздерін ж«Күдіктілер екі күннен кейін ұсталды. Бірі Құрманғазы ауданына кетіп үлгерген, екіншісі көлікті жуып, марқұмның телефоны мен іздерін жойған», – деді тергеуші Темірхан Хажмұратов.

Айғақтардың жойылғанына қарамастан, полиция істі дәлелдер арқылы ашты. Тергеу материалдарына сәйкес, күдікті Хайржанов көлікте Янаны тұншықтырған, ал серігі Катимов қыз қашып кетпесін деп есікті ұстаған. Кейін олар денені қала сыртындағы өзенге тастаған.

«Алдымен біз Хайржановты анықтадық. Оның жауабы бойынша екінші күдікті Катимов ұсталды. Мәйіт табылмағанымен, қылмыс орнын және оқиға барысын анықтай алдық», – деді Ерлан Құсайынов.

Тергеу барысында күдіктілердің әлеуметтік желідегі хат алмасулары зерттеліп, онда қылмыс жоспары мен бейнекамера жазбалары қанша уақыт сақталатыны туралы сұрақтар анықталған.

«Хат алмасу барысында олар кісі өлтіру жоспарын талқылаған. Сондай-ақ ғаламтордағы іздеу жүйесінде Қазақстанда адам өлтіру үшін қандай жауапкершілік қарастырылатыны және бейнебақылау камераларындағы жазбалар қанша уақыт сақталатыны туралы сұрақтар болған», – деді тергеуші Темірхан Хажмұратов.

Жедел уәкілдер ұсақ-түйекке дейін назар аударудың маңызын атап өтті.

«Адамның сөйлегеніне назар аударамыз. Психологиялық жағдайына мән береміз. Күдіктіні сөйлетуге тырысамыз», – деді полиция қызметкері.

Тергеу нәтижесінде қызды өлтіруге Хайржановтың өзге қызға үйленгелі жатқаны және Яна шындықты айтуға бекінгені себеп болғаны белгілі болды. Полиция барлық дәлелдемелерді жинап, істі сотқа жолдады.

Сот үкімімен екі күдікті де кінәлі деп танылып, өмір бойына бас бостандығынан айырылды.

Пікір

    Пікір жоқ

Пікір қалдыру