Фото авторы: Tengrinews.kz
11 наурыз күні Наурыз Мұқанғалиев пен Мейрамгүл Қарабалинаны жерлеу рәсімі өтті. Ұзақ уақытқа созылған іздеу жұмыстарының нәтижесінде олардың сүйегі Атырау қаласынан табылған, - деп хабарлайды Newmedia.kz
Жерлеу рәсімі Атырау облысы Қызылқоға ауданына қарасты Жангелдин ауылында өтті. Қаралы жиынға ауыл тұрғындарының басым бөлігі жиналып, марқұмдарды ақтық сапарға шығарып салды.
Марқұмдардың туыстары олардың ешкімге зияны жоқ, қарапайым жандар болғанын айтады.
— Олардың жан баласына зияны жоқ еді. Ата-анасының жанына жерленді, — деді туыстарының бірі.
Бұған дейін Атыраудағы үйлердің бірінің ауласын тексеру барысында хабар-ошарсыз кеткен ұл мен қыздың сүйегі табылғаны белгілі болған.
Атырау облысында жоғалған отбасы ісі
Еске салайық, 2025 жылғы 25 желтоқсанда Атырау облысының полициясына бір отбасының жоғалғаны туралы арыз түскен. Туыстарының айтуынша, отбасы мүшелері қараша айынан бері байланысқа шықпаған.
Осыған байланысты төрт адамға да хабар-ошарсыз кеткен тұлғалар ретінде іздеу жарияланған. Аталған дерек бойынша соталды тергеп-тексеру басталып, арнайы жедел-тергеу тобы құрылған.
Пікір жоқ