Қоғам

Атырау облысында жоғалған отбасы: күдіктіге тағы бір айып тағылды

Echo

Фото авторы: ІІМ




Атырау облысының Жангелдин ауылында болған оқиғаға байланысты күдіктіге тағы бір бап бойынша айып тағылды, - деп хабарлайды Newmedia.kz

ІІМ баспасөз қызметі күдікті Сұлтан Сәрсемалиевке қатысты Қылмыстық кодекстің екі бабы бойынша тергеу жүргізіліп жатқанын хабарлады:

  • 99-баптың 2-бөлігі - "Екі немесе одан да көп адамды өлтіру";
  • 188-баптың 2-бөлігі - "Алдын ала сөз байласу арқылы адамдар тобы жасаған ұрлық".
"Атырау облысы Полиция департаменті бірнеше кісіні өлтіру және олардың мүлкін жымқыру дерегі бойынша қылмыстық істі тергеп жатыр. Күдікті ұсталып, сот санкциясымен қамауға алынды", - деді ІІМ өкілі.
Пікір

    Пікір жоқ

Пікір қалдыру