Фото авторы: depositphotos.com
2025 жылғы 1 желтоқсандағы жағдай бойынша атаулы әлеуметтік көмек (АӘК) 54 мың отбасындағы 290,6 мың адамға 30,3 миллиард теңге сомасында тағайындалды. Биыл бұл мақсаттарға бюджеттен 98,4 миллиард теңге қарастырылған.
Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі мәліметінше, АӘК мыналарды көздейді:
АӘК-нің негізгі мақсаты – ақшалай төлем түрінде қолдауды жүзеге асыру және отбасының еңбекке қабілетті мүшелерін жұмыспен қамтуға жәрдемдесудің белсенді шараларына тарту арқылы отбасын қиын өмірлік жағдайдан шығару.
Ведомство мәліметінше, қазақстандықтар АӘК тағайындауға өтінішті тұрғылықты жері бойынша мансап орталығында, ауыл округінің әкіміне сондай-ақ Электрондық үкімет порталы (egov.kz) арқылы бере алады.
Пікір жоқ