Қоғам

Астанада тағы да үйдің қасбеті опырылып түсті

Echo

Фото авторы: видеодан скриншот




Астанадағы тұрғын үй кешенінің қасбетін жел ұшырып әкетті. Құрылыс материалы балалар алаңына құлаған. Зардап шеккендер жоқ, - деп хабарлайды Newmedia.kz

Төтенше жағдай болған үй 11 жыл бұрын салынған. Әкімдік бүлінген үйді жөндеуді тұрғындардың мойнына ілген.

"Қазір тұрғын үй кешенін басқаратын компания жөндеу жұмысының құнын есептеп, қасбетті қалпына келтіру үшін өнеркәсіп альпинисін тарту мәселесін қарастырып жатыр. "Тұрғын үй қатынастары туралы" ҚР заңының 34-бабына сәйкес пәтер иелері ортақ мүлікті күтіп ұстау міндетін өздері көтереді", - деді Астана әкімдігінің баспасөз қызметі өкілі.

Пікір

    Пікір жоқ

Пікір қалдыру