Қоғам

Астанада қайтыс болған фельдшер Ұлдана Мырзуанның атына арнайы аудитория ашылады

Echo

Фото авторы: Instagram/rustemova_aliya




Денсаулық сақтау министрі Ақмарал Әлназарова Ұлдана Мырзуанның атына жеке кабинет ашылатынын мәлім етті, - деп жазады Newmedia.kz.

«Бізге белгілі ақпараттар сол тергеудің нәтижесіне қарай беріліп отыр. Негізгі мәселе сол кезде бұзылған болуы мүмкін құрылыс нормалары мен ережелеріне қатысты болып тұр. Марқұмның жұмыс істеген жедел жәрдем станциясының басшылығымен бірлесіп, ол  білім алған медициналық колледжбен бірге оның есімі берілген арнайы аудитория ашуды жоспарлап отырмыз. Бұл – біз үшін өте ауыр, өте трагедиялық жағдай», - деді министр.

Айта кетейік, Астанада үстіне кондиционер құлап кеткен 23 жастағы фельдшер ауруханада көз жұмды. Оған президент жарлығымен «Ерлігі үшін» медалі берілген еді.

Пікір

    Пікір жоқ

Пікір қалдыру