Фото авторы: Астана әкімдігі
Түнгі уақытта аялдамада орынсыз әрекет жасап, айқай-шу шығарған үш жас жігіт ұсталды. Солардың біреуі екіншісін итеріп жіберген кезде, екіншісі құлап бара жатып павильонның әйнек есігін сындырған.
Шақыру түскен бойда полиция қызметкерлері оқиға орнына жедел жетті. Бұзақылар жақын маңдағы аулалардың бірінен табылып, полиция бөліміне жеткізілді.
Соттың қаулысы бойынша, олардың екеуі басқа біреудің мүлкін зақымдағаны үшін әкімшілік жазаға тартылып, әрқайсысы 10 тәулікке қамауға алынды. Ал үшінші адам түнгі уақытта тыныштықты бұзғаны үшін жауапқа тартылды.
Полиция өкілдері қалада орнатылып жатқан жылы аялдамалар қыста тұрғындардың қоғамдық көлікті жайлы күтуі үшін салынатынын, сондықтан қоғамдық мүлікке ұқыпты қарау керегін ескертті. Қаланың инфрақұрылымын бүлдіру оның келбетіне нұқсан келтіреді. Әрбір құқықбұзушылық пен келтірілген зиян қолданыстағы заңға сәйкес жазаланатыны атап өтілді.
Пікір жоқ