Фото авторы: Қазақстан Жазушылар одағы
Әлеуметтік желіде әйгілі ақын Мұхтар Шахановтың соңғы аманаты делінетін хат тарады. Онда ақын көзі тірісінде ата-бабасының мекені Отырарда, Арыстан баб кесенесі маңына жерлеуді сұрағаны айтылады, - деп хабарлайды Newmedia.kz
Редакция Мәдениет және ақпарат министрлігінен ақын қайда жерленетінін сұрады. Бұл сауалға ведомство "әзірге белгісіз" деп жауап берді.
Ал Қазақстан Жазушылар одағы марқұмның жаназасы 21 сәуірде сағат 9:00-де Абай атындағы Қазақ ұлттық опера және балет театрынан шығарылатынын хабарлады.
Қазақстан Жазушылар одағы
Сонымен қатар, ақын Кеңсай-2 зиратында жерленетіні көрсетілген.
Жұртшылық бұл ақынның аманатына қиянат екенін жазып жатыр: "Өкінішті! Ақынның аманатына қиянат екен", "Кеңсайға жерлейді екен ғой. Еее, өмір-ай".
Пікір жоқ