Фото авторы: Ақтөбе ПД
Ақтөбеде жедел жәрдем көлігі жол апатына ұшырады, - деп хабарлайды Newmedia.kz
Өңірдің Полиция департаменті мәліметінше, Сәңкібай батыр даңғылында жедел жәрдем көлігі мен Toyota көлігі жол апатына ұшыраған.
Ақтөбе облысы ПД
"Оқиға салдарынан жедел жәрдем көлігі аударылды. Жедел жәрдем көлігіндегі науқас медициналық мекемеге жеткізілді", - деп жазылған полицияның хабарламасында.
Кейбір БАҚ мәліметінше, жедел жәрдем көлігінің ішінде жүктіліктің 39-аптасында болған әйел отырған.
Пікір жоқ