Қоғам

Ақтөбеде газ құю станциясында жарылыс болды

Echo

Фото авторы: видеодан скриншот




Ақтөбеде газ құю станциясында жарылыс болды, - деп хабарлайды Newmedia.kz

Алматы ауданы Ақжар көшесінде орналасқан автогаз құю станциясының жер үсті резервуарларының бірінде газ ауа қоспасы жанып, салдарынан жарылыс болып, жалын екінші цистернаға, тұрақта тұрған газ тасымалдаушы көлікке және операторлық ғимаратқа тараған.

ТЖД күштері оқиға орнына аз уақытта жеткен. Өртсөндірушілер қауіпті жағдайда жұмыс істеп, басқа жарылыстардың алдын алып, жалын одан әрі тарауына жол бермеген.

"Құтқарушылардың кәсіби әрекетінің арқасында өрт толық сөндірілді. Зардап шеккендер жоқ. Өртті сөндіру жұмыстарына ТЖД, ЖҚЖ және Апаттар медицинасы орталығының шамамен 60 қызметкері және 16 техникасы жұмылдырылды", - деп жазылған ТЖМ хабарламасында.

Пікір

    Пікір жоқ

Пікір қалдыру