Қоғам

Ақтөбеде ер адам әйелін өлтіріп, кейін өзіне қол жұмсаған

Echo

Фото авторы: ғаламтордан




20 қарашада еріктілер әлеуметтік желілерде 1986 жылы туған әйел мен оның жолдасы із-түссіз кеткенін хабарлаған. Белгілі болғандай, олар таңғы 10 шамасында үйден шығып кетіп, кейін қайта қайтып келмеген.

Полицияның айтуынша, бүгін, 21 қарашада, әйелдің мәйіті зорлық-зомбылық іздерімен табылды.

«Бұл факті бойынша қылмыстық іс тіркелді. Іздеу шараларының жалғасы кезінде оның күйеуі асылып тұрған күйінде анықталды. Оқиға орнында жедел тергеу тобы қажетті сараптамалар мен дәлелдерді жинауды жалғастырып жатыр», – деп мәлімдеді полиция департаменті.

Қазір оқиғаның мән-жайы анықталуда. Тергеу амалдары жалғасып жатыр.

Пікір

    Пікір жоқ

Пікір қалдыру