Фото авторы: envato.com
Ақтөбеде жантүршігерлік оқиға тіркелді. 16 жастағы жасөспірім өз анасын өлтіріп, әжесін жаралаған. Бұл туралы Newmedia.kz полиция департаментіне сілтеме жасап хабарлайды.
Полицияға қала тұрғынынан ауыр қылмыс жөнінде хабарлама түсті. Көп кешікпей күдікке ілінген жасөспірім оқиға орнында қолға түсіп, өзінің әрекетін мойындаған. 71 жастағы жараланған әйел бірден қалалық аурухананың травматология бөліміне жеткізілді, қазір ол есін біледі.
Бала құқықтарын қорғау басқармасы оның мінезі мен отбасы туралы ақпарат беріп, жасөспірім толық әрі үлгілі отбасында тәрбиеленгенін, оқу үлгерімі жақсы болғанын, дегенмен тұйық, көп сөйлемейтін бала болғанын мәлімдеді.
Қазіргі уақытта бұл факті бойынша қылмыстық іс қозғалып, тергеу жүргізілуде. Білім басқармасы мен құқық қорғау органдары мектептердегі қауіпсіздік шараларын күшейтіп, ата-аналарды балалардың психологиялық жағдайына ерекше назар аударуға үндеді.
Пікір жоқ