Фото авторы: Gov.kz
Қайғылы жағдай 7 желтоқсан күні таңертең болған. Самара – Шымкент тасжолының Ақтөбе облысы аумағындағы бөлігінде жолаушылар автобусы аударылып, бес адам қаза тапты.
Алдын ала ақпаратқа сәйкес, Самара – Шымкент бағытындағы жолаушылар автобусы Қызылорда облысына қарай қозғалып келе жатып, Әйтеке би ауданының Ұлғайсын ауылының жанында жол апатына түскен.
Көліктің ішінде Өзбекстан Республикасының 49 азаматы болған. Олар Пермь – Ташкент маршруты бойынша сапар шегіп бара жатқан. Апат нәтижесінде 5 адам оқиға орнында қаза тапты, тағы 11 жолаушы әртүрлі жарақат алып, Әйтеке би аудандық ауруханасына жеткізілді.
Оқиға бойынша сотқа дейінгі тергеу жұмыстары басталды, қазір жол-көлік апатының нақты себептері тексеріліп жатыр.
Пікір жоқ