Қоғам

Ақтөбе мектептерінде жарылыс болатыны туралы хабарлама тарай бастады

Echo

Фото авторы: әлеуметтік желіден




Әлеуметтік желілерде Ақтөбедегі бірнеше мектепте жарылыс болып, оқушыларға қауіп төнуі мүмкін деген мазмұндағы хабарламалар тараған. Аталған ақпаратқа байланысты полицейлер алдын ала тергеу амалдарын бастады.

«Полиция департаменті терроризм актісі туралы көрінеу жалған хабар тарату дерегі бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру жүргізіп жатыр. Ақпаратты таратқан тұлғаларды анықтау бағытында жедел іс-шаралар қабылданды. Күдіктілер жақын арада анықталып, еліміздің заңнамасына сәйкес жауапқа тартылады. Сонымен бірге білім беру ұйымдарындағы қауіпсіздік шаралары күшейтілді. Мектептерде бейнебақылау жүйелерінің жұмысы күшейтіліп, оқу орындары маңында полиция жасақтарының саны артты. Азаматтарды жалған мәліметтерге сенбеуге және тек ресми дереккөздерге жүгінуге шақырамыз», - деп хабарлады облыстық ПД баспасөз қызметі.

Пікір

    Пікір жоқ

Пікір қалдыру