Қоғам

“Ақтөбе“ клубы айыппұл арқалаған жанкүйерлерін қолдамақ

“Ақтөбе“ клубы айыппұл арқалаған жанкүйерлерін қолдамақ

Фото авторы: видеоданскриншот




"Ақтөбе" футбол клубы "Ордабасыға" қарсы матч кезінде туындаған даудан кейін мәлімдеме жасады, - деп хабарлайды Newmedia.kz тілшісі.

Клуб Ақтөбедегі матч кезінде "Ордабасы" жанкүйерлерін қорлайтын плакат үшін айыппұл арқалаған қыздардың шығынын өтейтінін мәлімдеді.

"Ақтөбе" футбол клубы қашан да футбол әлеміне үлкен құрметпен қарайтын, жанкүйерлері мен футболшылары әр ұлт пен нәсілге құрмет көрсете білетін, ауызбіршілігі мол ұжымбыз. Біздің команда - ұлтаралық достықтың айқын дәлелі. Жеке адамдардың көзқарасы клубтың позициясы болып есептелмейді. Футбол - алауыздықтың емес, бірліктің алаңы. Әрбір жанкүйерді клубтың абыройын сақтап, өзара сыйластық пен спорттық әдепті ұстануға шақырамыз. "Ақтөбе" футбол клубы үшін әр жанкүйердің орны бөлек. Айыппұл алған алты аруымыздың да шығынын "Ақтөбе" футбол клубы толықтай өтеп береді. Қаракөздеріміз қателескен тұсын толық түсінді. Алдағы уақытта да командаға қолдау білдіріп, келесі жолы бәрі ережеге сай болады деп уәде берді", - деп жазылған хабарламада.

Полиция қызметкерлері кәмелетке толмағандарды анықтады. Ата-аналарымен бірге оларға профилактикалық әңгіме жүргізілді. Қыздардың ата-аналары балаларды тәрбиелеу жөніндегі міндетін тиісінше орындамағаны үшін әкімшілік жауапкершілікке тартылды. 

Пікір

    Пікір жоқ

Пікір қалдыру