Қоғам

АҚШ-та Мұхтар Мағауиннің бейітінің басына құлпытас қойылды

Echo

Фото авторы: facebook.com/saparbek.nagashibekov




АҚШ-та жазушы Мұхтар Мағауиннің бейітінің басына құлпытас қойылды, - деп хабарлайды Newmedia.kz тілшісі.

Бұл туралы Вашингтонда тұратын қазақстандық Сапарбек Нағашыбеков әлеуметтік желіде жазды.

"Бүгін Вашингтонда қазақтың ұлы жазушысы, зерттеушісі әрі тарихшысы Мұхтар Мағауиннің бейітінің басына құлпытас орнатылып, Америкадағы Мұхтар Мағауин атындағы Қазақ ұлттық мәдени-ағарту орталығының ресми таныстырылымы өтті. Мұхтар Мағауин бүкіл саналы ғұмырын қазақ халқына арнады. Ол 85 жасқа келгенше 27 томдық еңбегін жазып, қазақтың бес ғасырлық тарихын рухани тұрғыда түгендеп берді. Болашақ ұрпақ атамыздың ұлы еңбегін әлі талай бағалайтыны сөзсіз", - деді ол.

facebook.com/saparbek.nagashibekov 

Пікір

    Пікір жоқ

Пікір қалдыру