Әлем

АҚШ Ресейді қоса алғанда 75 елдің азаматтарына виза беруді тоқтатады

Echo

Фото авторы: желі




Fox News хабарлауынша, бұл шаралар «мемлекетке ауыртпалық түсіруі мүмкін өтініш берушілермен күресу» мақсатында қабылданған, деп хабарлады Newmedia.kz

Шектеулер енгізілетін елдер қатарына Сомали, Ауғанстан, Бразилия, Иран, Ирак, Египет, Нигерия, Тайланд, Йемен және өзге де мемлекеттер кіреді.

Жаңа ережелер 21 қаңтардан бастап күшіне енеді. Сондай-ақ Мемлекеттік департамент визаларды өңдеу тәртібін қайта қарайтынын мәлімдеді.

Бұл шектеулер барлық визаларға емес, тек иммиграциялық визаларға қатысты. Ал туристік, қонақ және студенттік визаларға берілетін өтініштерге әсер етпейді.

Пікір

    Пікір жоқ

Пікір қалдыру