Әлем

АҚШ пен Украина бейбіт жоспар аясындағы Еуропамен байланысын жалғастырады

Echo

Фото авторы: idemocracy.world




«Украина мен Америка Құрама Штаттары алдағы күндері бірлескен ұсыныстар бойынша қарқынды жұмысын жалғастыруға келісіп, процесс жүре келе еуропалық серіктестерімен тығыз байланыстарын сақтайтын болады», делінген мәлімдемеде.

Құжатта көрсетілгендей, жоспарға сәйкес «соңғы шешімді» АҚШ президенті Дональд Трамп пен Украина басшысы Владимир Зеленский қабылдайды.

Бұдан бұрын Ақ үй таратқан хабарламада Женевадағы келіссөздер кезінде украин делегациясы қолданыстағы жоспардың елдің ұлттық мүдделеріне сай келетінін және мемлекет қауіпсіздігін қамтамасыз етуге арналған сенімді әрі іске асыруға болатын тетіктерді қамтитынын жеткізгені айтылды.

Женевадағы келіссөздер

23 қараша күні Швейцарияда украин делегациясы Еуропа елдерінің өкілдері және АҚШ делегациясымен кездесіп, қақтығысты тоқтатудың ықтимал жолдарын талқылады. Reuters дерегінше, Женевадағы келіссөздер барысында Вашингтон мен Киев құжаттың соңғы бөлшектерін пысықтауды жоспарлаған.

Алайда 22 қарашада ЕО басшылары жоспардың кейбір тармақтарымен келіспейтіндерін айтып, оны қайта қарастыру қажеттігін мәлімдеді. Bild басылымы Германия үкіметінің АҚШ ұсынып отырған бастамаға қатты алаңдап отырғанын жазды.

АҚШ мемлекеттік хатшысы Марко Рубио Еуропалық Одақ пен НАТО-ның рөлі әлі толық талқыланатынын жеткізді. Ол бұл жоспардың «тұрақты емес, күн сайын өзгеріп отыратын құжат» екенін атап, НАТО мен ЕО-ға қатысты тармақтарды бөлек қарау жөнінде келісім жасалғанын хабарлады.

Пікір

    Пікір жоқ

Пікір қалдыру