Әлем

АҚШ Ауғанстан азаматтарына виза беруді тоқтатты

Echo

Фото авторы: ғаламтордан




АҚШ Ауғанстан азаматтарына виза беруді уақытша тоқтатты. Бұл туралы елдің мемлекеттік хатшысы Марко Рубио мәлімдеді, деп хабарлайды Newmedia.kz.

Мәлімдемеге сәйкес, бұл шешім Ақ үй маңындағы атысқа байланысты қабылданған.

«Президент Трамптың мемлекеттік департаменті ауған төлқұжатымен жүретін барлық адамға виза беруді тоқтатты. Америка Құрама Штаттары үшін ең басты басымдық - өз елін және халқын қорғау», - деп жазды әлеуметтік желідегі жазбасында.

Бұған дейін АҚШ иммиграциялық қызметі Ауғанстан азаматтарына қатысты иммиграциялық өтініштерді қарау белгісіз мерзімге тоқтатылғанын хабарлаған еді. Оған Вашингтонда Ұлттық гвардия қызметкерлеріне жасалған шабуыл себеп болған.

Пікір

    Пікір жоқ

Пікір қалдыру