Әлем

АҚШ әскері Иранға соққы жасау үшін дайындығын аяқтады

Echo

Фото авторы: коллаж: Ertenmedia.kz




АҚШ әскері Иранға ықтимал әскери соққы жасауға сенбіге қарай дайын болуы мүмкін. Алайда президент Дональд Трамп операция жөнінде әлі түпкілікті шешім қабылдамаған. Бұл туралы Newmedia.kz CBS News телеарнасына сілтеме жасап хабарлады

Мәліметтерге сәйкес, АҚШ әскери күштері Иранға ықтимал соққы жасауға сенбі күні-ақ дайын болуы мүмкін.

«Ұлттық қауіпсіздік саласының жоғары лауазымды шенеуніктері президент Трампқа әскери күштер сенбіге қарай ықтимал соққыға дайын екенін жеткізді», – делінген материалда.

Телеарна операцияның нақты мерзімі белгіленбегенін атап өтеді. Егер әскери қимыл басталса, ол демалыс күндерімен шектелмеуі мүмкін. Сонымен қатар, АҚШ президенті Дональд Трамп соққы беру туралы соңғы шешімді әлі қабылдамағаны нақтыланды.

Бұған дейін Трамп Иран келісім жасаудан бас тартқан жағдайда, Вашингтон «екінші кезеңге» өтетінін, оның Тегеран үшін «өте ауыр» болатынын мәлімдеген.

АҚШ басшысы Ираннан елде ядролық қарудың бар-жоғын жоққа шығаратын келісімге келуді талап етіп отыр. Оның айтуынша, мұндай келісім жасалмаса, ислам республикасына өткен жаздағыдан әлдеқайда қуатты соққы жасалуы мүмкін.

Пікір

    Пікір жоқ

Пікір қалдыру