Әлем

АҚШ 30-дан астам елдің азаматтарына кіруге шектеу енгізбек

Echo

Фото авторы: Freepik




АҚШ-қа кіре алмайтын мемлекет азаматтарының тізімі кеңейіп жатыр, деп хабарлайды Newmedia.kz.

Ішкі қауіпсіздік министрі Кристи Ноэмнің мәлімдеуінше, АҚШ-қа саяхаттауға 30-дан астам елдің азаматтарына шектеу енгізілмек.

Маусым айында президент Дональд Трамп 12 елдің азаматтарына АҚШ аумағына кіруге тыйым салып, тағы жеті елге қатысты шектеу шараларын бекіткен еді. Бұл тыйым туристерге де, студенттерге де, іскерлік сапармен келетін тұлғаларға да қолданылды.

«Егер қандай да бір мемлекетте тұрақты билік жүйесі болмаса, өз азаматтарын бақылап, тексеру жүргізуге көмектесе алмаса, онда мұндай елдің тұрғындарын АҚШ-қа кіргізуге болмайды», – деп мәлімдеген болатын Трамп.

Вашингтонда Ұлттық гвардия сарбаздарына жасалған шабуыл көші-қон талаптарының күшеюіне ықпал етті.

Пікір

    Пікір жоқ

Пікір қалдыру