Қоғам

Ақпарат министрі Аида Балаева Orda.kz және KazTAG ісі министрліктің бақылауында екенін айтты

Echo

Фото авторы: Мәдениет және ақпарат министрлігі




Аида Балаева әлеуметтік желіде бірқатар БАҚ өкілінің істі болғанын жазып, процесс бақылауда екенін айтты.

Қазақстанның ақпараттық кеңістігінде журналистерге қатысты бірнеше істің қозғалуына байланысты қоғамда белсенді пікірталас жүріп жатыр. Мәдениет және ақпарат министрі Аида Балаева бұл істер, оның ішінде Orda.kz пен KazTAG агенттіктеріне қатысты тергеулер де министрліктің назарында екенін айтты.

«Біз үшін елімізде сөз бостандығының сақталуы мен барлық ақпарат таратып отырғандардың заң аясында жұмыс істеуі аса маңызды. Кәсіби журналистика адалдыққа, объективтілікке және тексерілген ақпараттың нақтылығына негізделуі керек», – деді министр.

Ол журналистерге қатысты әкімшілік немесе қылмыстық істердің ашық та әділ қаралуы қажет екенін атап өтті.

«Кәсіби бұқаралық ақпарат құралдары заңды бұзбай жұмыс істеген жағдайда ғана мемлекет олардың құқығын тиімді қорғай алатынын түсінуі тиіс. Ал егер тараптар арасындағы қатынастар құқықтық алаңға ауысса, мемлекеттік органның араласуы сотқа қысым ретінде қабылдануы мүмкін. Журналистерімізге қатысты істерді тиісті органдар заң талаптарын сақтай отырып, жан-жақты әрі әділ қарайтынына сенімдімін. Министрлік өз құзыреті шегінде журналистердің құқықығын қамтамасыз етуге және сот істерінің әділ қаралуы үшін қажетті барлық шараларды қабылдауға дайын», – деді Балаева.


Пікір

    Пікір жоқ

Пікір қалдыру