Фото авторы: gov.kz
Ақмола облысында бірден екі әкім қызметінен босатылды. Олар - Степногорск қаласы мен Аршалы ауданының әкімдері, - деп хабарлайды Newmedia.kz
"Ақмола облысының әкімі Марат Ахметжановтың 21 қыркүйектегі өкімімен Степногорск қаласының әкімі Қасенов Гайдар Қабдоллаұлы және Аршалы ауданының әкімі Есжанов Достанбек Берікұлы атқарып отырған лауазымынан босатылды", - деп жазылған хабарламада.
Гайдар Қасенов. Сурет: gov.kz
Гайдар Қасенов 2024 жылғы 13 қарашада Степногорск қаласының әкімі болып тағайындалған еді.
Достанбек Есжанов. Сурет: gov.kz
Ал Достанбек Есжанов 2024 жылғы желтоқсанда Аршалы ауданының әкімі болып тағайындалған болатын.
Пікір жоқ