Қоғам

Ақмола облысы Қорғалжын ауданында Шөптікөл бөгеті бұзылды

Echo

Фото авторы: видеодан скриншот




Ақмола облысы Қорғалжын ауданында Шөптікөл бөгеті бұзылды. Қазір оны қалпына келтіру жұмыстары жүргізіліп жатыр, - деп хабарлайды Newmedia.kz

Гидротехникалық нысан Сабынды ауылынан солтүстікке қарай 2 шақырым жерде орналасқан.

"Оқиға орнында суды қауіпсіз өткізу бойынша жедел жұмыстар жүргізіліп жатыр. Оның салдарын жоюға ТЖМ, жергілікті атқарушы органдар, аудандық полиция бөлімі және жол қызметтерінің күштері мен құралдары жұмылдырылды", - деп жазылған ТЖМ хабарламасында.

Бұл жұмыстарға жалпы саны шамамен 170 адам және 43 техника тартылған. Бөгетті нығайту, инертті материалдар төгу және суды бұру жұмыстары жүргізіліп жатыр. Жағдай Төтенше жағдайлар министрлігінің тұрақты бақылауында.

Пікір

    Пікір жоқ

Пікір қалдыру